Халқымыздың маусымдық мерекелерінің бірі-жыл басы тойы-Наурыз болып саналады. Бұл күні аспан денелері  өздерінің ең бастапқы  нүктелеріне келіп,күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар  төлдеп,адамдардың  аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақтар бұл мейрамды  Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Бұл күні бүкіл табиғатқа,тіршілік иесіне,өсімдік,жан-жануарларға ерекше сезім,қуат,қасиет нұры құйылады.  Сол себепті,халқымыз «Әз болмай,мәз болмайды»-деген. Қазақ елі осы күнді  «Ұлыстың ұлы күні- ұлыс күн»- деп атаған. 19.03.2019 жылы  «Астана» бөбекжай  бақшасы ұйымдастырған «Қош келдің,Әз Наурыз» атты іс-шара өтті. Ата-аналарымыз  қазақтың ұлттық  киімдерін киіп,керемет әсер қалдырды. Мерекелік іс-шарамызға  «Талас» триосы  қонаққа келіп,қазақтың халық әндерін тарту етті.  Бұл іс –шараға «Аққу» және «Ақжелкен»  ересек топтарының  бүлдіршіндері мен  ата-аналары қатысты. Іс-шараны Қыдыр атамыз бен Ұмай анамыз ашып берді. Әжелеріміз ауылдың алты-аузына  салып,халық әндерін орындап,керемет әсер сыйлады. Бүлдіршіндеріміз  мерекеге арналған  тақпақтарын айтып,ән салып,би биледі. Ата-аналар «Шамшырақ» және  «Ынтымақ»  топтар болып екіге бөлініп,сайысқа түсті. Сайыс үш кезңнен тұрды:

1.Таныстыру

2.Сал-дәстүр

3.Өнер

Таныстыруда екі топ өздерін әдемі  өлең жолдарымен  таныстырып өтті. Қазақтың  «Келін түсіру» және «Тұсаукесер»  салт-дәстүріне көрініс құрып,керемет көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар арасында  «Қол күрес» және «Арқан тартыс»  ұлттық спорттық ойындар ойнатылды.  Топтан сурылып шыққан дауыс иегерлері топтарының намысын қорғап,әуезді әндер орындады.  Ата-аналарымыздың барлығы  бірінен-бірі өткен өнерлі болып шықты. Мерекелік іс-шарада халқымыздың  ескі әндерін,ел аузындағы қазіргі әндерді орындап,би өнерлерін көрсетіп,жиналған көрермендерді  таң-тамаша етті. Мерекелік іс-шараға  ат салыса қатысқан ата-аналарымызға  алғысымыз шексіз.