«1-Наурыз Алғыс айту» күніне орай «Астана» бөбекжай бақшасында «Шын жүректен мың алғыс» атты іс-шара өтті. Бөбекжай ұжымы таңғы 8.00-ден бастап көтеріңкі көңіл-күймен ата-аналарды және бүлдіршіндерді қарсы алды. Ата – аналар тілек ағашына бөбекжайға деген ыстық ықыластары мен ризашылықтарын білдірді. Бөбекжай меңгерушісі Күнжарқын Жамашқызы да өзінің алғысын тілек ағашына жазып білдірді. Сонымен қатар бөбекжай меңгерушісі Күнжарқын Жамашқызы бөбекжайды аралап, бүлдіршіндер мен қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап,өз алғысын білдірді. Күннің екінші жартысында ата-аналардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Әр топтың ата-аналары өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Концертте ән де айтылды,би де биледі,монологта оқылды,ойын да ойналды. Сонымен қатар бөбекжайдың қамқоршылық кеңесінің мүшелері бөбекжай меңгерушісін және әдіскерлерін Алғыс хаттармен марапаттап,ұжымға деген алғыстарын білдірді. Концерттік бағдарламаның соңында бөбекжай меңгерушісі ата-аналарды және бөбекжай қызметкерлерін тағы да «Алғыс айту күнімен» құттықтап,Алғыс хат марапаттарын ұсынды.
View the embedded image gallery online at:
https://astana-bobekzhay.kz/kz/1-nauryz-al-ys-ajtu.html#sigFreeId622ec9c6d0
https://astana-bobekzhay.kz/kz/1-nauryz-al-ys-ajtu.html#sigFreeId622ec9c6d0