«Астана» бөбекжай бақшасында «Бір жанұя-бір тал» акциясы өтті. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғат-бүкіл тіршілік атауының алтын бесігі,қайнар көзі. Ата-бабамыз «Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық». «Бақ өсіргеннің бағы жанады», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деп өсиет айтып кетуі тегін емес. Адам қоршаған ортасына мейрімділікпен,сүйіспеншілікпен,жанашырлықпен қарғанда ғана табиғат үйлесімділігі сақталады.


«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды,ұрпақ жайған адам қартаймайды» — дейді. Соңғы кездері  тал егу дәстүрі  ауылда болсын,қалада болсын тиянақты мән беріліп,қолға алынып жүр. Тал егу  акциясы-өте маңызды іс екені сөзсіз. Тал-бейбітшілік нышаны,табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау  қажеттілігін еске түсіретін белгі. Еккен талдар балабақшаның экологиялық жай-күйін жақсартатыны  да сөзсіз.

02.04.2019 жылы «Астана» бөбекжай бақшасында  «Бір жанұя-бір тал»  атты  бөбекжай ұжымы мен  ата-аналар бірлесіп ұйымдастырған акция өтті. Акцияны өткізудегі  мақсат: «Астана» бөбекжай  бақшасының аумағын   көріктендіру мен көгалдандыру,балалар мен ата-аналарды  бөбекжай ауласын таза ұстауға  шақыру,балаларды жастайынан еңбекке баулу. Акцияға 150 ата-ана қатысып, 150 тал егілді. Акция көптің көңілінен шығып,барлығына үлгі боларлықтай  жоғарғы деңгейде өтті.  Іс-шараға қатысқан «Астана» бөбекжай бақшасының ұжымына және барша белсенді ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз!