Тақырыбы: «Педагог кадрлардың креативті әлеуетін дамыту жолымен мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зияткерлік қызметін жетілдіру үшін жағдай жасау».
Мақсаты: педагогтардың шығармашылық әлеуетін,олардың креативті білім құзыреттілігін дамыту. Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен олардың танымдық-зияткерлік қызметінің тиімділігін арттыру,педагогтар арасында тығыз ынтымақтастық орнату.


«Астана» бөбекжай бақшасында «Тәрбиеленушілердің интеллектуалдық,коммуникативтік-тілдік қарым-қатынас дамыту» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте педагогтар арасында командамен жұмыс жасау арқылы түрлі ойындар ойнатылды.

Жаңа қоғам ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталады, үздіксіз даму барысында қалыптасады. Бұл білім жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді.Білім беру жүйесі қоғамның әулеметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Сондықтан да егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқутудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, оқу барысында танымдық әрекеттерді бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Бұл ретте мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастырудың білім, біліктерін жетілдірудің әулеметтік мәні зор. Балаларды оқуға дайындау балалық шақтың барлық кезеңіне қарамастан мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді мектепке дайындау жүйесінде ерекше орын алады. Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік тұлға ретінде қалыптасады.