21.02.2019 жылы  «Астана» бөбекжай  бақшасында  ата-аналар мен ересек топ  бүлдіршіндерінің  қатысуымен  «Толағай» отбасылық  сайыс өтті.  Бұл сайысқа төрт отбасы  қатысып,бақтарын сынады. Сайысқа қатысқан отбасыларды  атап өтсек:

  1. «Нұржігіттер» отбасы
  2. «Тамдыбек» отбасы
  3. «Әмірешовтар»отбасы
  4. «Болатовтар» отбасы

«Толағай» отбасылық сайысы  алты кезеңнен тұрды.

1-кезең «Секірмек»

2-кезең «Тәттілер жеу»

3-кезең «Ракетка»

4-кезең «Мергендер»

5-кезең «Мен мықтымын»

6-кезең «Кім жылдам?»

Бөбекжайдың дене тәрбие нұсқаушылары  Джилкибекова Ерке-Айым Пернебекқызы  мен Тайбағарова Әйгерім Ескелдіқызы  бірінші сайысты бастамас бұрын қатысушылармен бірге  қара жорға  әуеніне қимылмен  дене қызу жаттығуларын орындады.  Әрбір кезеңде  әділ-қазылар алқасы  өз бағаларын беріп отырды. Сайыста әділ-қазылар  алқасымен таныстырып өтті. 6-кезең  «Кім жылдам?» сайысынан кенйін  «Қарлығаш» ортаңғы  тобының бүлдіршіндері  «Микки-Маус»  биін биледі.  Әділ-қазылар алқасының  қорытынды бағасы бойынша  «Әмірешовтар» отбасы  диплом бас жүлдеге ие болса, 1-орынға  «Болатовтар» отбасы,2-ші орынға  «Тамдыбек» отбасы,3-ші орынғак «Нұржігіттер» отбасы  иеленді. Барлық отбасылар дипломдармен,грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.  Осындай жоғар деңгейде  өткен отбасылық сайысқа  ата-аналар бөбекжай ұжымына  өз ризашылықтарын білдірді.  Бөбекжай ұжымы ата-аналарға, бүлдіршіндерге және  тәрбие нұсқаушыларына  алғыстарын білдірді.