Пай-пай,  қазақтың келіндері-ай! Әдемі де әдепті,инабатты да ибалы келіндерімізбен  қалай мақтансақ та жарасымды.  Ұлтымыздың салт-дәстүрінің  ұлықтаушысы да,тіліміздің тірегі де осы келіндер.  Халқымызда «Келіні жақсы үйдің-керегесі алтын»  деген дана сөз бар. Осы орайда  Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында  Қаратау қаласында  «Аяулы ана, ибалы келін» атты аудандық  байқау өтті.  Байқау алты кезеңнен тұрды:

1.Таныстыру

2.Ас мәзірі

3.Сал-дәстүр жайлы сұрақтар

4.Қамыр жаю

5.Табаға нан пісіру

6.Сиыр сауу

Байқаудың ұрпаққа берер  ұлағаты қай жағынан  болса да мол болды. Өңіріміздің  ауылдар мен қаладан келген он төрт келіндерінің бәрі де  «Пах,шіркін,қазақтың келіндері осындай-ақ болсайшы» дейтіндей бірінен-бірі өткен сұлу да көркем,он саусағынан өнер тамған шебер,үлкенді сыйлап,кішіні құрметтеген жандар екен. Осы сайысқа  «Астана» бөбекжай  бақшасының туын көтеріп,Ромащенко Нина Викторовна   қатысты. Өзге ұлттың қызы болса да,қазаққа  тұрмысқа шығып , қазақтың түтінін түтетіп, Нуридиннің  асыл жары болып,халқымыздың  салт-дәстүрін  бойына сіңірген,ибалы да инабатты,ата-енесіне сыйлы  бола білген,ұлтың кім десе «қазақпын» дейтін,сұлу да сымбатты,ақылына көркі сай,Нина аудандық байқаудың  ІІІ – орын иегері атанып,бөбекжайымыздың еңсесін көтеріп,беделін арттырды.