КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан орны: Қаратау қаласы,А.Шеина көшесі №4
Пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі: 5-06-74
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Уақытша бос лауазым атауы: Тәрбиеші бала күтіміне байланысты ақысыз еңбек демалыстағы қызметкердің орнына.
Негізгі функционалдық міндеттер:
1.Мекемедегі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асыру;
2.Тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады;
3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына,жас ерекшелік топтарының үлгілік оқу жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
4.Пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады;
5.Балалардың шығармашылығына ( ойындық,танымдық,қозғалыс,көркемөнер,еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №23469 болып тіркелген);
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күн