Орналасқан орны: Қаратау қаласы, А.Шеин көшесі №4

Пошталық мекен - жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон нөмірі: 5 - 06 - 74

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай - бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп орны»

Уақытша бос лауазымға: Уақытша 1,0 бірлік логопед

Негізгі функционалдық міндеттер:

Педагог - логопедтің міндеттері:

3.1. тәрбиеленушілердің балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

3.2. тәрбиеленушілердің психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке - дамытушы, түзету - дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) сабақтар өткізеді;

3.3. тәрбиеленушілердің арнайы психологиялық - педагогикалық қолдау көрсетеді;

3.4. Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

3.5. Басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

3.6. Басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста тәрбиеленушілердің дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

3.7. Тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата - аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

3.9. Болжау, жоспарлау және ұйымдастыру: 

  • түзете - дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
  • түзету жұмысын ұйымдастыру барасында педагогтардың және ата - аналардың кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар; 
  • сөйлеу тілдік бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру; 
  • түзете - дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау;
  • тәрбиеленушілерді ары қарай мектептік және әлеуметтік бейімдеу жұмысын. 

Еңбек ақы мөлшері: 0,5 штаттық бірлік.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • Кадрларды есепке алубойынша толтырылған жеке іс - парағы (нақты тұрғылықты мекен - жайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 шілдедегі №ҚР ДСМ - 59 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеутізімінде №23469 болыптір келген);
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Біліктілік тестілеу сертификаты;
  • Түйіндеме.
  • Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күн