КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан орны: Қаратау қаласы, А.Шеин көшесі №4
Пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі: 5-06-74
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші - уақытша бос орын
Негізгі функционалдық міндеттер:
1. Мекемедегі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асыру;
2. Тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқару;
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілі оқу жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру;
- Пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастыру;
- Балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік ету.
Еңбекақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген, бар болса);
- Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Түйіндеме.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күн