КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан орны: Қаратау қаласы, А. Шеина көшесі №4
Пошталық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі: 8 726 44 5-06-74
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің «Астана» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Лауазым атауы: уақытша тәрбиеші (бос орын)
Негізгі функционалдық міндеттер:
- Балабақша меңгерушісіне бағынады.
- Әдіскердің қарауында жұмыс істейді.
- Лауазымға меңгерушінің бұйрығымен қабылданады және босатылады.
- Алты айда 1 рет медициналық тексеруден өтеді.
- Өзінің жұмысында нормативтік құжаттарды, осы лауазымдық нұсқаулықты және ішкі еңбек тәртібін басшылыққа алады.
- Жұмыс уақыты – күніне 4 сағат 48 минут, аптасына 22 сағат 24 минут.
- Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.
- Еңбек тәртібін сақтайды.
- Мекемедегі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқаулығына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қамқорлық жасайды.
- Тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын орындайды.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады.
- Пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады.
- Балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді (ойын, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу).
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік (120 000 - 200 000 теңге аралығы).
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (3-қосымша).
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілуі тиіс).
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса).
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№075/У нысаны).
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Біліктілік тестілеу сертификаты.
- Бағалау парағы.
- Ұсыным хат (оқу орнынан немесе жұмыс орнынан).
- Түйіндеме.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 күн
Құжаттарды соңғы қабылдау күні: 24.02.2025 жыл